73
Пайғамбарларға иман
С
оңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)
Тарихи деректерге сүйенсек, сүйікті пайғамбары-
мыз
(аләйһис салату уәсәлләм)
Араб түбегіндегі Мекке қаласында
571 жылы көкек айының жиырмасында, дүйсенбі
күні таңға жуық дүниеге келген. Тегі сол аймақтағы
Құрайыш тайпасының Хашимұлдарынан. Әкесі
– Құрайыш тайпасының беделділерінің бірі сана-
латын Абдулмутталибтің ұлы Абдуллаһ. Анасы –
Зуһрә тайпасынан Уәһбтің қызы Әмина. Анасының
құрсағында жатып әкесінен, алты жасқа жеткенде ана-
сынан айрылған Мұхаммед
(аләйһис салату уәсәлләм)
атасының
қамқорлығында өсті. Екі жылдан кейін әкесінің ағасы
Әбу Тәлиб қанатының астына алды. Балалық шағын
Меккеде өткізді. Он екі жасында Әбу Тәлибтің сауда
керуенімен Сирияға жол тартады. Жиырма жасынан
асқанда, Меккенің бай саудагерлерінің бірі Хуәйлидтің
қызы Хадишаның керуенін басқарып, Сирияға екінші
мәрте сапарға шығады. Жиырма бес жасында Хадиша
анамызбен үйленді. Қырыққа толар-толмас ерекше ру-
хани әлемге еніп, халықтан жырақтап, Нұр тауындағы
Хира үңгіріне бекінеді. Жан баласымен жақ ашып
тілдеспей үңгірде бірнеше күн қатарынан өзімен-өзі
оңаша қалуды әдетке айналдырды. Күндердің бірінде
Пайғамбарымызға Жәбірейіл періште келіп:
«Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған
қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты.