72
Пайғамбарларға иман
бір істің болуын қаласа, тек оған «бол» десе сонда ол
бола қалады. Оған (Аллаһ ол дүниеге келетін балаға)
кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді»
,
202
– деп Иса пайғамбардың әкесіз дүниеге келгендігін
баян етуде.
Мариям ана ұлы Исамен Мысырға аттанады. Онда
он екі жыл болады. Құранда бұл жайлы:
«Мәриям ұлы (Иса) мен анасын ғибрат еттік.
Екеуін бұлақты, құнарлы жерге орналастырдық»
,
203
–
дейді. Кейін Иса (ғ.с.) анасымен бірге Құддысқа қоныс
аударып, Насира деген жерге қоныс тебеді. Иса (ғ.с.)
отыз жасқа толғанда пайғамбарлық міндеті жүктеледі.
Құран Кәрімде Исаның (ғ.с.) балшықтан құс жа-
сап оған рух үрлеуі, өлгендерді тірілтуі, туа бітті
зағиптердің жанарына жарық сыйлап, шырадай жанды-
руы, алапес ауруын жазуы, көктен дастарханның түсуі,
хауарилер мен өзге достарының үйлерінде не жеп, не
сақтайтынын айтуы сынды мұғжизалары баяндалады.
204
Иса (ғ.с.) өмірінің соңына дейін Хаққа сенімі мол
адал дос іздеді. Көрген қиындығы мен тартқан азабы
зая кетпей, жанына он екі хауариді серік етті. Оларға
ақиқатты түсіндірді. Алайда он екі адамның ішінде
біреуі оған опасыздық жасайды.
202
«Әли Имран», 3/45-48
203
«Мүминун», 23/50
204
«Маида», 5/110-115; «Әли Имран», 3/49