Previous Page  68 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 120 Next Page
Page Background

68

Пайғамбарларға иман

ғұмырын Шам халқын таухид сеніміне шақырумен

өткізгендігі айтылады.

181

Ж

үніс (ғ.с.)

Жүніс (ғ.с.) Асур мемлекетінің бас қаласы әрі са-

уда орталығы болып табылатын Нинова шаһарын ме-

кен еткен. Кесір халықтың апатқа ұшырайтындығын

ескерткен

182

ол бірде халқын тастап жыраққа кетіп

қалуға бекінеді.

183

Көп өтпей Нинованы тастап, Дижлә жағалауында

жүзгелі тұрған кемеге мінеді. Сапарда аяқ астынан

көтерілген дауылға кеменің төтеп беруі қиынға соғады.

Сонда бірі: «Арамызда кінәлі бір адам бар. Соның кес-

ірінен кемеміз жүрмей тұр. Жеребе тасталық», – дейді.

Жеребе қайта-қайта Жүніске (ғ.с.) түседі. Теңізшілер

Жүністі теңізге лақтырып жібереді. Осыны күткендей

үлкендігі үйдей балық Жүністі бір-ақ қылғытады.

184

Жүніс пайғамбар балықтың құрсағында:

«Уа, Раббым! Сенен басқа ешбір құдірет жоқ.

Сен бүкіл кемшіліктен пәксің. Мен өзіме зұлымдық

жасағандардан болдым»

,

185

– деп дұға етеді. Жүністің

(ғ.с.) бұл тілегі қабыл болып, балық жағаға қарай жүзіп,

181

Табари, Тарихул-үмәм уәл-мүлук, Бейрут, 1/195; Алуси,

Рухул мәани, 17/82; 23/211

182

Ибн Әсир, әл-Кәмил, 1/360

183

«Әнбия», 21/87

184

«Саффат», 37/140-142

185

«Әнбия», 21/87