Previous Page  63 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 120 Next Page
Page Background

63

Пайғамбарларға иман

Әйкалықтардың басына келген апат былай

сипатталған: Жеті күн бойы күннің көзі шойындай

балқып, шоқтай қарып тұрды. Осы кезде көкте әлде

бір бұлт пайда болады. Ыстықтан жан сауғалаған

Әйкалықтар осы бұлттың көлеңкесін саялап, жан

сақтамақ болады. Осы уақытта бұлттан найзағай ойнап,

Әйка халқы жермен-жексен болды.

163

М

ұса (ғ.с.)

Мұса (ғ.с.) Мысырда дүниеге келген. Сол дәуірде

өмір сүрген Перғауын

164

(өз аты Уәлид ибн Мусғаб

165

)

бірде түс көреді. Түсінде Исрайлұлдарынан тараған ер

бала мұның патшалығын құлатқан екен. Үрейленген

Перғауын сол жылы туған ер балалардың барлығын

өлтіруге жарлық шығарады. Мұса (ғ.с.) дүниеге кел-

генде анасы оны аман алып қалудың жолын жанұшыра

іздейді. Аллаһтың аян білдіруімен сәбиді сандықшаға

салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Сандықша судың

ағысымен Перғауынның сарайына барып тоқтайды.

Аллаһ тағаланың қалауы әрі құдіретімен Перғауынның

163

Бәйдауи, Әнуарит-тәнзил, Мысыр, 1995, ІІ/84

164

Мысыр патшаларына берілген ортақ атау. Көне мысырлықтар

күнге «ұлы тәңір» есебінде табынған. Кейіннен оныПерғауын

деп атаған. Көне мысырлықтардың сенімі бойынша, әрбір

патшаның билігі ұлы тәңірімен байланысты. Билікке келген

патша тәңірінің жер бетіндегі өкілі деп білінген. Тек патша

ғана емес, оның отбасы да «біз күн ұрпағынан тарағанбыз»

дей бастады. Өздерін «ұлы тәңірі» деп мойындату үшін

Перғауын деген атақ алды. Суюти, әл-Итқан, ІІ/1088;

Мухаммад Хамидуллаһ, Ислам пейгамбери (ауд:Салих Туғ)

Стамбул, 1991, І/546; әл-Мәудуди, Әбу-Ала, Тәфһимул-

Қуран, Стамбул. 1987. ІІ/76

165

Суюти, әл-Итқан, ІІ/1088