Previous Page  66 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 120 Next Page
Page Background

66

Пайғамбарларға иман

елшісі екендігі,

172

құс тілін түсінгендігі,

173

жындар

мен адамдардан жасақталған әскері болғандығы,

патшалықты басқарғандығы,

174

оның желді бағындыра

білгендігі және Сәбә ханшайымы Бәлқыстың Сүлеймен

пайғамбардың дәнекерлігімен иманға келгендігі айты-

лады.

175

Ә

йюб (ғ.с.)

Әйюб пайғамбардың есімі Құранның төрт жерін-

де ұшырасады. Әйюб (ғ.с.) үбірлі-шүбірлі, дәулетті

әрі өте сабырлы пайғамбар ретінде сипатталған. Жа-

ратушымыз оған көптеген нығметтер тарту еткен-

ді. Оның шұрайлы жерлері, үйір-үйір малдары және

қызметшілері, ірі-ірі сауда орталықтары болған. Жеті

ұл мен жеті қыз сүйген бақытты да, бақуатты жан еді.

Аллаһ тағала оны төзімділікте өзінен кейінгілерге үлгі-

өнеге көрсетуі үшін сынауды қалады. Оның бар мал-

дүниесі таусылып, кембағалға айналды, бірінің арты-

нан бірі ұлдары мен қыздары дүние салды. Кейін ауыр

дертке шалдығып, өзі де жүруден қалды. Жағдайы тым

нашарлап кеткенде Әйюб (ғ.с.) Раббысына:

«Маған дерт қатты батты. Сен рақымдылардың

ең рақымдысысың» деп жалбарынды»

.

176

Аллаһ тағала оған былайша жауап қатты:

172

«Әнғам», 6/84

173

«Нәміл», 27/16

174

«Нәміл», 27/17

175

«Сәбә», 34/12; «Нәміл», 27/20-44

176

«Әнбия», 21/83