65
Пайғамбарларға иман
Х
арун (ғ.с.)
Харун (ғ.с.) – Мұса пайғамбардың бауыры.
Перғауын Мұсаның (ғ.с.) қыр соңынан қалмай,
өкшелей қуып келе жатқанда, қасында Харун да бар
болатын. Исрайлұлдарымен бірге Тиһ деген сахараға
келеді. Мұса (ғ.с.) орнына Харунды қалдырып, өзі Тур
тауына бет алады. Осы кезде Исрайлұлдарының арасы-
нан Самири деген екіжүзді біреу адамдарды азғырып,
бұзау пұтқа табынуға шақырады. Харун (ғ.с.) қанша
тоқтатпақшы болса да оны тыңдамайды.
169
Осы кезден
бастап Харунға да пайғамбарлық міндет жүктелген.
Д
әуіт (ғ.с.)
Дәуіт(ғ.с.)–Исрайлұлдарынажіберілгенпайғамбар.
Сонымен қатар, өз қауымының патшасы еді. Дәуіттің
(ғ.с.) тұсында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
заман орнап, Исрайлұлдары бейбіт те берекелі өмір
сүрді. Дәуіт (ғ.с.) темір өңдеудің хас шебері болатын.
170
Құран кәрімде Дәуіттің (ғ.с.) үні биязы екендігі айты-
лады. Бұған қоса, Дәуіт пайғамбар Забурды дауыстап
оқығанда айналасына таулар жылжып, құстар ұшып
келетін болған.
171
Дәуіт (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін
Аллаһ ұлы Сүлейменге (ғ.с.) пайғамбарлық міндетін
жүктейді.
С
үлеймен (ғ.с.)
Сүлеймен (ғ.с.) – Дәуіт пайғамбардың ұлы әрі
оның ізін басып, ісін жалғастырған Исрайлұлдарының
пайғамбары. Құранда Сүлейменнің (ғ.с.) Аллаһтың
169
«Таһа», 20/90-91
170
«Әнбия», 21/78, 80
171
«Сад», 38/19-20