62
Пайғамбарларға иман
(ғ.с.) доқ көрсете бастады. Қауымының бұл әрекетіне
қамыққан Шұғайып (ғ.с.) Нұх, Худ және Салих (ғ.с.)
қауымдарының басына келген апат халқымның басына
да төне ме деп қорыққандықтан
157
:
«Әй, елім! Расында мен сендерге Раббымның
нұсқауларын жеткізіп, үгіттедім. Ал қарсы болған
елге қайтып жаным ашиды? – деді»
.
158
Шұғайып (ғ.с.) бекер қауіптенбеген екен, ақыры
Мәдиян халқының басына да апат келіп жетті.
159
Асһабы Әйка деп аталатын екінші қауым ор-
манды жерде өмір сүргендіктен, «Әйка» (қалың ор-
ман, ағаш) деген атауға ие болған.
160
Сонымен қатар,
әйкалықтардыңағашқатабынғанын,
161
пайғамбарларына
мойынсұнбағандығы айтылады. Олар Шұғайыпқа
(ғ.с.):
«Сен де біз секілді адамсың. Әрі сені өтірікшілерден
деп ойлаймыз. Егер шыншылдардан болсаң, онда
үстімізге аспанның бір бөлігін (бір азап) түсір»
,
162
–
дейді.
157
«Ағраф», 7/90; «Худ», 11/89
158
«Ағраф», 7/93
159
«Ағраф», 7/91
160
Елмалылы, Хақ Діні, V/217
161
Ибн Кәсир, Қасас, 157
162
«Шуғара», 26/186-187