57
Пайғамбарларға иман
рып, бір үңгірге жасырады. Хазірет Ибраһим осы
үңгірде өмірге келіп, өлімнен аман қалады.
140
Ибраһим (ғ.с.) Хақ тағаланың ақиқатын насихаттай
бастағанда, халықтан мүлдем сенбегендер де табыл-
ды.
141
Бірде Ибраһим (ғ.с.) пұттардың іске алғысыз, түкке
жарамсыздығын дәлелдеу үшін жоспар құрады. Халық
мерекені атап өту мақсатында қала сыртына шыққан
кезде пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны іштерін-
дегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қояды.
142
Той-
думаннан кері оралған халық күтпеген жерден мына
көрініске аң-таң қалады. Ибраһим (ғ.с.): «бәлкім мұны
әне бір мойнына балта асынған үлкен пұт жасаған бо-
лар. Егер сөйлей алса, өзінен сұрап көріңдер», – дей-
ді. Мүшріктер: «Олардың сөйлей алмайтынын сен де
білесің ғой» дегенде, Ибраһим (ғ.с.): «Олай болса, тіл
қатуға да шамасы келмейтін әрі пайдасы жоқ пұттарға
неге табынасыңдар!? Ойланбайсыңдар ма?»,
143
– дейді.
Санасына сәуле түспеген мүшріктер Ибраһимнің
(ғ.с.) бұл әрекетіне ашуланып, оны жазалау үшін жұрт
көзінше тірідей отқа тастамақ болады. Ағаш-қурайды
таудай үйіп, Ибраһимнің қол-аяғын байлап лаулап
жанған отқа лақтырды. Осы сәтте Ибраһимге (ғ.с.)
Жәбірейіл періште көмекке келеді. Сонда Ибраһим
(ғ.с.): «Маған Аллаһтың құдіреті жетеді, періштенің
жәрдеміне мұқтаж емеспін» деп қайыспай жауап беру
140
Ибнул Әсир Али ибн Мұхаммад, әл-Камил фит-Тарих,
Бейрут. 1995. 1/94-95
141
«Әнғам», 6/80-81; «Әнбия», 21/51-73; «Шұғара», 26/70-89;
«Әнкабут», 29/16-27
142
Сәғлаби, Қысас, 66-б.
143
«Әнбия», 21/57-67