56
Пайғамбарларға иман
(ғ.с.) өз қауымының мұндай арсыздығынан сақтай гөр
деп Аллаһ тағалаға сыйынды.
134
Хақ тағала Содом мен Гомер халқын жауапқа тар-
ту мақсатында үш періште жібереді. Бұл періштелер
Лұтқа (ғ.с.) сымбатты, сұлу жас жігіт бейнесінде ке-
леді.
135
Хақ тағала адамдықтың шегінен шығып, күнәға
белшесінен батқан қауымды жауапқа тарту үшін Лұтқа
(ғ.с.) періштелер арқылы хабар жеткізіп:
«Өзіңе жақын
адамдармен қаладан түнде шығып кет. Өйткені апат
таңға жуық болады»
,
136
– деп ескертеді.
Үйдің айналасына жиналған халықтың көзіне бей-
не бір перде тұтылғандай Лұттың (ғ.с.) қалай шығып
кеткенін ешкім байқамай да қалады.
137
Таңға жуық
қыздырылған тас жауынынан Содом мен Гомер халқы
тегіс қырғынға ұшырайды.
138
И
браһим (ғ.с.)
Ибраһим пайғамбардың есімі Құранда жиырма бес
сүреде 69 рет қайталанады.
139
Сол дәуірдің сиқыршылары жуық арада дүниеге
келетін ұл баланың бірі Кәлданилер халқының сенімін
өзгертіп,НәмрутибнКенанибнКуштың (немесеНәмрут
ибн Фалиһ ибн Абир) патшалығын құлататынын ескер-
ткендіктен, Нәмрут патша уақыт оздырмай дүниеге
келген ұл балалардың бірін қалдырмай өлтіруге жарлық
шығарады. Бұл хабарды естіген Ибраһимнің әкесі Әзәр
жарын Куфа мен Басра арасындағы Ур қаласына апа-
134
«Ағраф», 7/80-81; «Шұғара», 26/160-166; «Нәміл», 27/54-55
135
«Худ», 11/69-70; «Хижр», 15/57-58
136
«Худ», 11/77, 81
137
«Қамар», 54/37
138
«Ағраф», 7/83-84; «Худ», 11/81-83; «Қамар», 54/37-39
139
Абдулбақи, әл-Мужамул Муфаһрас, «Ибраһим» бабы.