53
Пайғамбарларға иман
Жер бетін топан су қаптап асау толқындар арасын-
да тек қана Нұхтың кемесі батпай жүзіп жүрді. Кәпір
атаулы түгелдей суға кеткен соң Аллаһ тағала жер мен
көкке әмір беріп:
«Ей, жер, міндетің аяқталды, суыңды жұт! Ей,
аспан-көк, жауыныңды тоқтат!»
116
деді.
Осы кезде жер топан суды түгелдей жұтты. Көк те
жауынын тоқтата қойды. Жер суды жұтып жатқанда
теңіз деңгейі бірте-бірте аласарып, таулар қайта көріне
бастады. Нұх кемесі Құранның сөзімен айтқанда
«Жуди» деген таудың басына тоқтаған еді.
Х
уд (ғ.с.)
Құранның айтуы бойынша, Нұхтан кейін келген
Худ пайғамбар Ад қауымына жіберілді.
117
Ад қауымы
– Нұх пайғамбардың немерелерінен тараған ел. Бұл
қауым да көп ұзамай пұттарға табынып кетеді.
Ад Араб түбегінің солтүстік аймағындағы Хадра-
маут пен Йемен арасындағы әл-Аһкәф деген құнарлы
әрі шұрайлы жерде өмір сүрген қауым. Олардың жасыл
желекке малынған бау-бақшасы, сылдыр қаққан мөлдір
бұлақтары, қора толы малдары және су қоймалары мен
зәулім сарайлары бар болатын.
118
Аллаһ тағала Ад қауымына Худты пайғамбар етіп
жіберді. Худ (ғ.с.) абыройлы отбасынан шыққан, са-
уданы жақсы меңгерген, жомарт, құлшылыққа берік,
116
«Һуд», 44.
117
«Худ», 11/50
118
«Шұғара», 26/129; 133, 134