48
Пайғамбарларға иман
атаның ұрпағын жолдан тайдыруды көздеп, Аллаһтан
қайта тірілетін күнге дейін мерзім сұраған-ды.
97
Аллаһтың рахымынан қуылған шайтан Адам
атадан кек алудың жолдарын қарастырып, жоспар
құрды. Аллаһ тағала Адам атаға:
«Қалағандарыңша
жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар. Егер
жақындасаңдар, залымдардан және нығметтерімнен
мақұрым қалғандардан боласыңдар»
,
98
– деген-ді. Бірақ
Адам ата мен Хауа ана «Мәңгілік ағашы мен таусыл-
майтын салтанатты көрсетейін бе?» деген шайтанның
азғыруына алданып, тыйым салған жеміске қол соза-
ды. Ібіліс Адам мен Хауаның басын айналдырып, бағын
байлаған сәттен бастап екеуінің де әбүйірі мен ұятты
жерлері ашылып қалды.
99
Сол сәтте екеуі де жәннат
жапырақтарымен тәнін қымтамақ болды. Сонда Раббы-
лары:
«Екеулеріңді осыағаштантыймап па едім? Расын-
да, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,
100
–
деді. Жұмақта мәңгі қалатындығына сенген Адам ата
мен Хауа ана, Ібілісті қаперінен шығарып алғандықтан
қапыда қалды. Дереу жаза басып, жазықты болғанын
түсініп, тәубелеріне келді. Хақ тағала олардың бұл
тәубесін қабыл еткенімен,
101
жұмақта мәңгі қалуына
рұқсат бермей:
97
«Сад», 38/75-77; «Әнкабут», 29/57; «Ағраф», 7/16-17
98
«Бақара», 2/35
99
«Бақара», 2/36; «Таһа», 20/120-121
100
«Ағраф», 7/22
101
«Бақара», 2/37