Previous Page  49 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 120 Next Page
Page Background

49

Пайғамбарларға иман

«(Жәннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер.

Сендер жер жүзінде белгілі бір мерзімге дейін

тұрақтайсыңдар. Жерде тіршілік етесіңдер және

жерде жан тапсырасыңдар. Және жерден қайта

шығарыласыңдар»,

102

– деді. Осылайша Аллаһтың

әмірімен екеуі де жер бетіне түсті.

Адам (ғ.с.) бүкіл ғұмырын ақиқат жолына арнаған.

Уақыт өте келе Аллаһ тағала хазірет Адамның

таңдаулы ұрпақтарының кейбіріне пайғамбарлық мін-

детін жүктеген. Олар да өздеріне берілген бұл міндетті

бірінен соң бірі мінсіз атқарды. Әр пайғамбар дүниеден

озған сайын әлем суып, келесі пайғамбардың келуімен

қара бұлт қаптаған көк жүзі шайдай ашылып, жаз боп

жадырап, күн боп жарқырап сала беретін

103

.

Ы

дырыс (ғ.с.)

Ыдырыс пайғамбар жайлы көп мәлімет жоқ. Құран

Кәрімде Ыдырыстың (ғ.с.) есімі тек екі жерде ғана кез-

деседі:

«Кітаптағы Ыдырысты ескер. Өйткені, ол

шыншыл пайғамбар еді. Оны жоғары дәрежеге

көтердік»

104

,

102

«Ағраф», 7/24-25

103

Алда

пайғамбарлар

тарихына

кеңкөлемді

еңбек

дайындайтындықтан, бұл жерде шолу ретінде пайғамбарлар

жайлы қысқаша ғана мәлімет бергенді жөн көрдік.

104

«Мәриям», 19/56-57