Previous Page  50 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 120 Next Page
Page Background

50

Пайғамбарларға иман

«Исмайыл, Ыдырыс, Зүлкифлді де ескер. Олардың

барлығы да сабырлы еді. Сондай-ақ, оларды мей-

ірімімізге бөледік. Өйткені, олар игілерден еді».

105

Сабырлық–пайғамбарлардыңерекшеқасиеттерінің

бірі. Пайғамбарлардан өзге адамдар да сабырлық таны-

туы мүмкін. Бірақ пайғамбарлардың сабырлығы мүлде

басқа. Сабырлық бейне олардың табиғаты сияқты.

Пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Міндетін іске асыру

үшін барлық ауыртпалықтарға төзімділік таныта білу

қажет. Задында адамбаласы сабыр ете алмаса, ешқандай

түпкі мақсатына жете алмайды. Ендеше, сабырлық

пайғамбарларға ауадай қажет. Өзге пайғамбарлар секіл-

ді Ыдырыс пайғамбар да (а.с.) сабырлықтың шыңына

жеткен. Алайда Құранда Исмайыл пайғамбардың

қандай сынаққа түсіп, сабырлық танытқандығын

айтқанмен Ыдырыс пайғамбардың сабырлығы хақында

сөз қозғалмаған. Бірақ аталмыш аятта оның Исмайыл

пайғамбармен бірге айтылғандығы сабырлы екендігіне

дәлел ретінде жетіп жатыр.

Хақ тағала оған отыз беттік (сухуф) парақтар

түсірген. Ол да осындағы ақиқаттарды оқу арқылы елін

тура жолға шақырды. Ыдырыс пайғамбар да қауымын

тура жолға салу үшін аянбай еңбек еткен. Бірақ оның

елінен иман еткендердің саны өте аз шыққан. Оның

қауымымен күресі хақында Құран мен хадистерде

мәлімет жоқтың қасы. Сонымен қатар, Ыдырыс (ғ.с.)

алғаш рет жазу-сызумен айналысып, есеп-қисаппен

105

«Әнбия», 21/85-86