Previous Page  45 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 120 Next Page
Page Background

45

Пайғамбарларға иман

Әрине, егер Хақ тағала қаласа, кез келген болмыс-

тан пайғамбар жібере алатындығы даусыз. Бұл тұста

пайғамбардың адамдардың арасынан таңдалуының

өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені пайғамбар адам болған

жағдайда ол қарапайым жұртшылықтың жай-күйін, ой-

санасын, қабілеті қарымын, ішкі қалауын әрі табиғи

қажеттіліктерінжақсыбіледі. Әрі бұқараға жаратылысы

мүлдем бөлек періштеден гөрі өздері сияқты қарапайым

адамнан үлгі алу әлдеқайда жеңіл болмақ еді.

П

айғамбарлардың саны қанша?

Құран кәрімде Адамнан (ғ.с.) хазірет Мұхаммедке

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дейін келген пайғамбарлардың атта-

ры аталады. Жалпы пайғамбарларға қатысты жиырма

сегіз есім кездеседі. Бұлардың жиырма бесінің (Адам,

Ыдырыс, Нұх, Худ, Салих, Лұт, Ибраһим, Исмайыл,

Ысқақ, Жақып, Жүсіп, Шұғайып, Һарун, Мұса, Дәуіт,

Сүлеймен, Әйюб, Зулкифл, Жүніс, Илияс, Әлиасаъ,

Зәкария, Жақия, Иса жәнеМұхаммед (әләйһис-салату уә

сәллам) пайғамбар екендігі нақты айтылса, ал үшеуінің

(Үзәйр, Луқман және Зұлқарнайн) пайғамбар яки әулие

екендігі нақты белгілі емес.

Құранда жіберілген пайғамбарлардың жалпы саны

қанша екендігі нақты айтылмаған.

Кейбір хадистерде 124 мың нәби, 315 расул жі-

берілген

91

деп айтылады. Бірақ, жер бетін нұрландырып,

адамзатқа тура жолды нұсқау мақсатында және екі

дүние бақытын көрсету үшін Ұлы Жаратушының жі-

берген пайғамбарлардың нақты саны бір Аллаһқа ғана

91

Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 5/266; Суюти, әд-Дуррул-мансур

фит-Тәфсирил-Мәсур, 1/126