Previous Page  42 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 120 Next Page
Page Background

42

Пайғамбарларға иман

Ал Құранда:

«Сенен бұрын да біз өздеріне уахи еткен еркек-

терді ғана пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер,

білім иелерінен сұраңдар»

84

,

«(Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

) сенен бұрын да

өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібер-

дік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар»,

85

– деп

пайғамбардың тек ер кісіден ғана келгендігі

айтылады. Осы аяттарға сүйенген ханафи мәзһабы

ғалымдары пайғамбарлар тек ер кісілерден ғана келген

және пайғамбардың ер кісі болуы шарт дейді.

Пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Пайғамбарлық

жүктелген жан қашан да қалың қауіп-қатер мен небір

қиыншылықтардың бел ортасында, қылыштың жүзінде

жүреді. Пайғамбарлар – адамзат баласын тәрбиелейді.

Пайғамбар хақ дінді жаю жолында Аллаһ тағаламен

және адамдармен тығыз байланыста болады. Ал нәзік

жанды әйел затының бұған шамасы жете бермейді.

Әйел затының биологиялық жаратылысында етеккір,

бала көтеру секілді жағдайлар орын алады. Сәбиді

дүниеге әкелгеннен кейін қырық күн шамасындағы

нифас мерзімі тағы бар. Жаңа туған нәрестенің күтімі

сияқты әйел заты ғана атқара алатын маңызды істер

84

«Әнбия», 21/7; «Юсуф», 12/109

85

«Нахыл», 16/43