38
Пайғамбарларға иман
Құранда:
«Олай болса, (Уа, расулым) табандылық
танытқан елшілер қалай сабыр еткен болса, сен де со-
лай сабыр ет...»,
79
– дейді. Бұл аяттағы «әъзм» сөзінің
мағынасы «табандылық және төзімділікпен ізгі ама-
лын жалғастыру» дегенге саяды.
80
Яғни, пайғамбарға
«Аллаһтың уахиын жеткізу барысында табандылықпен
сабыр танытқан және Аллаһ тағаланың әмірі мен
тыйымдарын ең көркем орындаудың үдесінен шыққан
пайғамбарлар сияқты төзімді бол» делінген. Демек,
ұлық пайғамбарлар ақиқатты жаю жолында қаншама
қиыншылықтарға төтеп, сабыр етті, сондықтан оларға
«улул-әъзм» пайғамбарлары делінген.
81
Улул-әъзм пайғамбарлардың кімдер екендігі ту-
ралы түрлі көзқарастар да жоқ емес. Сонымен қатар,
Құранда:
«Есіңе ал, бір кездері пайғамбарлардан уәде
алған едік: сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан
және Мәриямұлы Исадан... Олардан айнымас серт
алдық»,
82
деп, «Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
, Нұх (ғ.с.),
Ибраһим (ғ.с.), Мұса (ғ.с.) және Мәриям ұлы Иса (ғ.с.)»
79
«Ахқаф», 46/35
80
Алуси, Рухул мәани, Бейрут, 1985, 36-т., 34-б.
81
Е.Хамди Языр, Хақ дини Куран дили. Стамбул. 1979. VІ/4363-
4364
82
«Ахзаб», 33/7