Previous Page  34 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 120 Next Page
Page Background

34

Пайғамбарларға иман

сы уақытша, яғни, бұрынғы қалпына келгенше отар

қой иесінде қалсын. Ал малдың егіс алқабына келтір-

ген шығынына дихан отар қойдың жүнінен, сүтінен

пайдалану арқылы алсын» деп табан астында асқан

парасаттылықпен өз шешімін айтады.

67

Осыған ұқсас

т.б. оқиғалар пайғамбарлардың асқан парасат иесі

екендіктерінің айқын үлгісі.

И

смәт – пайғамбарлардың күнәдан пәктігі

Араб тіліндегі «исмәт» сөзі «тыйым салу, қорғау,

сақтау, сену және арылу»

68

деген мағыналарға саяды.

Ислами түсінік тұрғысынан алғанда исмәт (күнәдан

пәктік) пайғамбарлардың үлкенді-кішілі, яғни, күнә

атаулыдан (Аллаһ тағаланың шарапаты арқасында)

қорғалған дегенді білдіреді.

69

Пайғамбарлық

міндеті

жүктелмес

бұрын

пайғамбарлардың жіберіп алған кейбір ұсақ қателіктері

болуы мүмкін. Мұны дінімізде, «зәллә» деп атайды.

«Зәллә» деп аталатын осы болмашы ұсақ қателіктер

пайғамбарлардың дәрежелері мен жағдайларына

қарай көрініс табады. Пайғамбарлардың осы ұсақ

жаңсақтарын тырнақ астынан кір іздегендер кешіріл-

мес күнә етіп көрсетуге тырысқан. Алайда қарапайым

адамдар мұны жаңсақ ұғып, қате жорып, ойымен де,

әрекетімен де жамандыққа баруына сылтау етпеуі тиіс.

Пайғамбарлар Аллаһ тағалаға өзгелерден әлдеқайда

жақын болғандықтан, ізгі істерінің өзіне көңілі толма-

са, өздерін жазғырып, өкініштен өзегі өртеніп, осының

өзін қателік санаған.

67

«Әнбия», 21/79

68

Лисанул Араб, ХІІ/403-404-б.

69

С.Ш.Журжани, Китабут-Тарифат (баспаға дайындаған

А.Умәйра), Бейрут, 1987, 150-б.