Previous Page  32 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 120 Next Page
Page Background

32

Пайғамбарларға иман

есепке тартуда Аллаһ толық жеткілікті»,

62

деген

аяттарынан көруге болады.

Екі әлем Сардарының

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өміріне

бір сәт көз жүгіртетін болсақ, мұсылмандар мен

мүшріктердің арасында пайғамбарымыздың 40 жасқа

дейінгі өмірінде жалған сөйлемегендігіне куә боламыз.

Тіпті мүшріктердің өзі де оны «Сенімді Мұхаммед»

(Мухаммадул-әмин) деген еді.

Меккедегі Қағбаны қайта жөндеу барысында

«қара тасты» қайтадан өз орнына қою абыройына ие

болғысы келген меккеліктер арасында үлкен дау туын-

дады. Тіпті, қылыштары қынабынан шығып үлгерген

еді. Соңында ортақ бір мәмілеге келіп: «Қағбаға алғаш

келген адамның сөзіне тоқтайық» деп уағдаласты. Осы

уақытта меккеліктердің мұндай келісімінен мүлдем ха-

барсыз Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Қағбаның

табалдырығын аттап кіріп келе жатты. Оның нұрлы

жүзін көрген меккеліктер қуаныштарын жасыра алмай:

«Әмин»,

келе жатыр деп, айтқан төрелігіне риза екен-

діктерін білдірді.

63

Өйткені, халық оған толық сенетін. Аллаһ елшісі

бұл кезде пайғамбар емес еді, бірақ жұрттың сенімі-

не ие әрі шыншыл болатын. Бойында пайғамбарға тән

барлық сипаттар тұнып тұрған тұғын.

Ол өзіне келген уахиды үтір нүктесіне дейін

өзгертпей, бүкпесіз халыққа жеткізіп отырды. Бұл жай-

лы Құранда:

62

«Азхаб», 33/39

63

Мүснәд, 3/425; Ибн Хишам, Бейрут. 1992. 1/209