Previous Page  30 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 120 Next Page
Page Background

30

Пайғамбарларға иман

«Нағыз мұсылмандар – тек қана Аллаһ пен ел-

шісіне иман етіп, ешқандай иман жайлы күдікке

түспей, Аллаһ жолында малдарымен, жандарымен

күрескендер. Міне, солар турашылдар»,

56

– дейді.

Турашыл мүминдер мақтауға лайық. Құран:

«Мүміндердің ішінде, Аллаһқа берген уәделеріне

берік болған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын

құрбан қылды. Кейбіреуі кезегін күтуде. Олар берген

уәделерінен әсте таймады»,

57

дейді.

Сол сияқты хазрет Мұхаммед те

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

пайғамбар болмай тұрып-ақ туралықтың туын

жықпаған. Пайғамбарымыздың өзі әрқашан тура өмір

сүруімен қоса үмбетін де үнемі туралыққа насихаттаған.

Бір хадисте «

Туралықтан айырылмаңдар. Туралық сен-

дерді жақсылыққа, жақсылық жәннатқа апарады.

Кісі тура болып, туралықты іздесе, Аллаһ әмірімен

турашылдардың қатарына жазылады. Жалғаннан

сақ болыңдар. Өтірік айту адамды күнәға, ал күнә

жәһәннамға апарады. Кісі үнемі өтірік айтып,

өтірікті іздесе, Аллаһ жарлығымен ол өтірікшілердің

қатарына жазылады

»,

58

– деп әмір етілген.

А

манат – пайғамбарлардың сенімділігі

Аманат – сенімділік деген мағынаны білдіреді.

Демек, пайғамбарлардың бойындағы сенімділік сипа-

ты да аманат деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарлар

56

«Хұжрат», 49/15

57

«Ахзаб», 33/23

58

Бухари, Әдәб 69; Муслим, Бирр, 105; Әбу Дәуд, Әдәб, 80