35
Пайғамбарларға иман
Сондықтан да, олардың дәрежесіне қатысты осы
ұсақ жаңсақтықтарды ақтауға келмейтін ағаттық деп
қараудың өзі үлкен қателікке жатады.
Құран кәрім Адам (ғ.с.) туралы:
«Адам Раббысына қарсы келіп, жолынан адасты.
Сосын Раббысы оны таңдап тәубесін қабыл етті де,
оған тура жолды көрсетті»,
70
– дейді.
Адам (ғ.с.) жаза басып қателескен сәтінде бірден
Жаратқанға бет бұрып:
«Раббымыз, екеуміз де өзімізге зұлымдық
жасадық. Егер Сен бізге кешірім етіп, рақым қылмасаң,
біз қасіретке ұшырағандардан боламыз»,
71
–
деді.
Бұл – «зәллә», яғни, ұсақ жаңсақтық еді. Аллаһ
тағала:
«Ей, Адам! қалағандарыңша бәрінен жеңдер, бірақ
мына ағашқа жақындамаңдар. Егер жақындасаңдар,
залымдар мен шектен шыққандардан және
нығметтерімнен мақұрым қалғандардан боласыңдар»
деген едім»
,
72
70
«Таһа», 20/121-122
71
«Ағраф», 7/23
72
«Бақара», 2/35; «Ағраф», 7/19