37
Пайғамбарларға иман
елден ерек қорғауында болғандықтан, өмірлерінде тит-
тей де күнә жасамаған. Аллаһ тағала Құранда:
«...(Уа, Мұса!) көз алдымызда тәрбиеленуің үшін
адамдардың жүрегіне махаббат сыйладым»,
75
– дей-
ді. Яғни, Хақ тағала хазірет Мұсаны Перғауынның
сарайында тәрбиелеуінде біздің өреміз жете бер-
мейтін үлкен мән жатса керек. Оның ойы, бойы
тұрмыс тауқыметіндегі нашар әрекеттермен, жаман
қылықтармен былғанбасын деп Аллаһ тағала осылай
қорғауына қамқорына алған. Мұнан өзге біз білмейтін
басқа да сырлары бар екендігі анық. Пайғамбарымыз
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
екі мәрте той-думанға
бармақ болғанда, көзіне ұйқы үйіріліп, алдамшы дүние
қызығынан қорғалғаны айтылады.
76
Демек, сақтаушы
Хақ тағала бүкіл пайғамбарларды күллі жамандықтан
сақтап қорғаған.
Қ
ұрандағы «Улул-әзъм» пайғамбарлар
Араб тіліндегі «Улу» сөзі «ие» деген мағынаны
берсе, «Әъзм» – «табандылық, қайсарлық, қандай да бір
іске бел буып, нық сеніммен кірісу» дегенді білдіреді.
Сонда, «Улул-әъзм» деп Аллаһ тағаланың әмірлері
мен тыйымдарын ең көркем бейнеде іске асыруда
табандылық әрі сенімділік танытқан пайғамбарларға
айтылады.
77
«Әъзм» сөзі Құранда «сабыр» мағынасында
да қолданылады.
78
75
«Таһа», 20/39
76
Хаким ән-Нәйсабури, әл-Мустәдрак әлас-Сахихайн, Бейрут, ІV/245
77
Ибн Манзур, Лисанул Араб, «азм» бабы
78
«Таһа», 20/115