Previous Page  40 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 120 Next Page
Page Background

40

Пайғамбарларға иман

Мұхаммед Мұстафаның

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

орны бөлек.

Адамзаттың асылына баланған соңғы елші күллі адам-

зат баласына жіберілгендігімен ерекшеленген. Сол се-

бепті де ол «пайғамбарлардың мөрі» саналған.

«Шура» сүресінің 13-аятында:

«Дін үкімдерін мықты орындаңдар және дінде

бөлінбеңдер деп Нұхқа нұсқау еткен дінді және саған

уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим, Мұсажәне Исаға

нұсқаған хақ дінді сендер үшін де Аллаһ дін ретінде әмір

етті»,

– дейді. Бұл аятта ұлық пайғамбарлардың есімі

бір жерде аталған және бүкіл пайғамбарлардың міндеті

бір ақиқатты адамдарға жеткізу екендігі білдірілуде.

Барлық пайғамбардың ғұмыры ауыр сынақ ішінде өтсе

де, Жаратушыға деген сенімінен зәредей ауытқымаған.

Ал өз кезегінде Хақ тағала өзінің тәуекелге бел байлап,

қиындықты тайсалмай қарсы алған адал құлдарына

көмек жіберді.

Ә

йел затынан пайғамбар келген бе?

Ғұламалар пайғамбарлардың адамдар арасынан

таңдалғаны туралы ортақ пікірде болғанымен, әйел

затынан пайғамбардың шығып-шықпағаны жайлы

мәселеде ортақ ымыраға келмеген.

Мәселен, имам Қуртуби, Ибн Хазм және Бәйжури

секілді ғұламалар Мариям ананы, Перғауынның әйелі