39
Пайғамбарларға иман
пайғамбарлардың есімдері аталып, олардың улул-әъзм
екендігі баян етіледі.
Бұл пайғамбарлар ғұмыр бойы табандылық,
төзімділік қасиеттерімен танылды. Мәселен, Нұх
пайғамбар ғасырлар бойы қауымының иманға ке-
луі үшін небір жәбір-жапаға шыдап, сабырлылық та-
нытты. Ибраһим пайғамбардың қол-аяғы байланып,
лаулаған отқа тасталарда және бауыр еті баласы Ис-
маилды құрбандыққа шалу бұйрығы келгенде, бар
етіңді сылып, жан теріңді сығып алатын сынаққа төтеп,
асқан төзімділік танытты. Мұса (ғ.с.) қауымының не-
бір зұлмат зұлымдықтарына, ал Иса (ғ.с.) бұл дүние
тіршілігіне алданбай, көрген қиындықтарының бәріне
қасқайып сабыр етті.
Пайғамбарлардың барлығы – Аллаһ тағаланың
таңдаулы елшілері. Адам мен жын атаулының арасында
пайғамбарлардан абзал ешкім жоқ. Дегенмен Құранда
айтылғандай дәрежесі өзгелерден жоғары болғандары
бір бөлек. Күллі пайғамбарға Аллаһ тағаладан уахи
келгенімен, олардың кейбірі ғана ұлы саналған. Бұл ту-
ралы «Бақара» сүресінің 253 аятында былай делінген:
«Осыған дейін саған айтқан елшілердің кейбірін
кейбірінен үстем еттік. Аллаһ олардың кейбірімен тіл-
десті. Кейбірінің дәрежесін басқалардан биіктетті».
Аллаһ тағала кей пайғамбарларға иләһи кітаптар
мен парақтар түсірсе, аятта айтылғандай кейбірімен
тікелей тілдескен. Енді бір пайғамбарлар нақты бір
қауымға жіберілсе, кейбіреулері олардың көмекшісі
ретінде танылды. Солардың ішінде соңғы пайғамбар