Previous Page  44 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 120 Next Page
Page Background

44

Пайғамбарларға иман

«Шынында, Аллаһтың құзырында ең ардақ-

тыларың тақуалықта алда болғандарың»,

87

деген

аятта адамдардың ең абзалы олардың жынысына бай-

ланысты емес екендігі және Аллаһ тағаладан қорқып,

Оған құлшылығымен жақын болғандардың жоғары

тұратынын түсіндіреді.

П

айғамбарлардың періште емес, адам

болып таңдалуы

Ислам сенімі бойынша пайғамбар – адамдардың

арасынан таңдалатын, зерек, сұңғыла, Аллаһтан рухани

күш алатын ерекше жан болып табылады. Пайғамбар-

дың адам болмыстылығы мына аяттарда келтірілген:

«...Мен періштемін демеймін»

88

,

«Әрине, біз сендер сияқты адам баласымыз»

89

т.б.

Пайғамбардың адам кейпінде келуін мойын-

дамағандар да болған. Олардың ойынша пайғамбарлар

періште бейнесінде келсе, әлдеқайда сенімдірек болмақ

еді. Алайда, Құранға салсақ:

«Аллаһ елшілік міндетін кімге беретінін өте

жақсы біледі».

90

87

«Хұжурат», 49/13

88

«Һұд», 11/31

89

«Ибраһим», 14/11

90

«Әнғам», 6/124