43
Пайғамбарларға иман
оның пайғамбарлық міндетіне кедергі болады. Керек
десеңіз, бұл жағдайда әйел заты, тіпті, оразасын ұстап,
намазын оқып, діни міндетін де атқара алмайды.
Бұған қоса, жоғарыда айтылған «Қасас» сүресінің
7-аяты мен «Әли Имран» сүресінің 42-аятында «уахи
еттік» деген сөздің мәнін тек пайғамбарларға келетін
уахи деп ұқпау керек. Яғни, бұл жердегі уахи «аян»
мағынасында қолданылған. Ал «аян» адам баласына
ортақ. Сонымен қатар, Құранда:
«Раббың бал арасына: «
Таулардан, ағаштардан
және адамдардың салған күркелерінен ұя жасап ал
» –
деп уахи етті»,
86
–
деген аят бар. Бұл аятқа қарасақ бал
арасына да уахи етілген, яғни көкейіне балжасау міндеті
салынған. Ал осы «уахи етті» деген аятқа сүйеніп,
«бал арасынан да пайғамбар шыққан» демейміз. Бұған
қоса, хазірет Ибраһимнің (а.с.) көрген түсі негізінде
ұлы Исмайылды құрбандыққа шалмақ болғаны, Жүсіп
пайғамбардың (а.с.) түсінде күн мен айдың және 11
жұлдыздың өзіне сәжде еткенін көруін де ескеріңіз. Дәл
сол секілді хазірет Мұсаның анасы мен Мәриям анаға
байланысты уахилар да олардың пайғамбар болғанына
дәлел бола алмайды. Ол тек аян ғана.
Алайда әйел затынан пайғамбардың шықпауын,
олардың құлшылығы, тақуалығы немесе мінез-құлқы,
т.б. жағынан ер адамнан төмен болғандығынан деп
ұқпау керек. Құранда:
86
«Нахыл», 16/68