Previous Page  46 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 120 Next Page
Page Background

46

Пайғамбарларға иман

мәлім. Бұған қоса, пайғамбарлардың аттарын жатқа

білу жауапкершілігі бізге жүктелмеген.

Құрандағы:

«Расында, сенен бұрын да елшілер жібердік.

Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян

етпедік»,

92

– деген аяттан аңғарғанымыздай, Адам

пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

дейін қанша пайғамбар келгендігін айту мүмкін

емес сияқты. Сондықтан, мұнша пайғамбар келді

деп жатпастан алғашқы Адам пайғамбардан соңғы

пайғамбар Мұхаммедке

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дейінгі бүкіл

пайғамбарға иман еткен жөн.

Аллаһ тағаланың әр қауымға, әр аймаққа ескертуші

елші жібергені хақ. Құранда:

«Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет

жоқ»,

93

– десе, тағы бір аятта:

«Біз пайғамбар жібермейінше (ешбір қауымды)

азаптамаймыз»,

94

дейді.Яғни,пайғамбаржіберілмеген

қауымдарды азаптау – Ұлы жаратушының шексіз

рақымдылығына қайшы. Бұған қоса:

92

«Ғафыр», 40/78

93

«Фатыр», 35/24

94

«Исра», 17/15