47
Пайғамбарларға иман
«Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық
істеген болса, ол оны көреді. Ал кім тозаңның
салмағындай жамандық істесе, оны да көреді»,
95
–
деп жақсылықтың да, жамандықтың да ескерусіз
қалмайтынын да ескертуде.
Сонымен қатар, тарихи деректерге сүйене отырып,
кейбір пайғамбарлардың қай аймақта өмір сүргендігін
шамалауға болады. Мәселен, Нұх пайғамбар бүгінгі
Ирак жеріндегі Мусул аймағында
96
, Ибраһим (ғ.с.) Ва-
вилон және Анадолыдан Сирияға дейінгі аймақта, Лұт
(ғ.с.) Содом мен Гомер және Лұт көлінің айналасын-
да, Шұғайып (ғ.с.) Мәдиянда, Мұса (ғ.с.) Мысырда,
Жақия (ғ.с.) мен Зәкария (ғ.с.) Ақтеңіз жағалауларында
өмір сүргендігі айтылады. Бұл пайғамбарлардан бөлек
қаншама пайғамбарлар бар. Бірақ, олардың нақты
қай аймақта пайғамбарлық міндетін атқарғанын дәл
білмейміз. Пайғамбарлар тек бір аймаққа ғана емес,
әлемнің түкпір-түпкіріне жіберілген. Сонымен қатар,
әр дәуірдің парасатты пайғамбарлары бір аймақта ғана
тұрақтап қалмай, басқа аймақтарға да иман нұрын
жайған.
Ендігі кезекте Құранда аттары аталған пайғам-
барларға қысқаша шолу жасайық.
А
дам (ғ.с.)
Ұлы Жаратушы алғашқы адамзат баласын жара-
тып, оған күллі болмыстың тағзым ету керектігін ес-
керткен еді. Осы әмірге бас имеген шайтан Аллаһтың
рахымынан қуылды. Ібіліс, алғаш жаратылған Адам
95
«Зилзәл», 99/7-8
96
А.Унал, Құран мәалі, «Ағраф», 7/64, 353. Измир. 2007