41
Пайғамбарларға иман
Әсияны, Хауа ананы, Мұсаның (ғ.с.) анасы Сараны
және Ибраһим пайғамбардың жары Хажар ананың
пайғамбар болғандығын айтады.
83
Адам баласына өздері қалаған адамын пайғамбар
етіп таңдауға ерік берілмеген. Олар тек келген
пайғамбарларға иман ету мен мойынсұнуға ғана жа-
уапты. Ал пайғамбарлардың негізгі міндеті – ақиқатты
толық насихаттау. Пайғамбарлар дінді тарату бары-
сында небір қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан
мұндай аса ауыр міндетті абыроймен атқара алу үшін
таудай шыдам мен сабырлық қажет. Мәселен, Адам-
нан (а.с.) Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі
бүкіл пайғамбарларға сан алуан күйе жағылып, жала
жабылған. Ақиқатқа нанбаған қауым Зәкария, Жақия
пайғамбарлардыжауыздықпеншейіт етті.Мұндай қиын
жағдайларға қарамастан пайғамбарлардың қайсысы
болмаса да, өз істеріне берік болып, көркем төзімділік
танытқандығына тарих куә.
Алайда алдау-арбау, кемсіту, мұқату, жалғандық,
көлгірсу, әділетсіздік пен опасыздық қаңтардың ая-
зындай қағынып тұрған дәуірде пайғамбарлық сияқты
нардың нары ғана алып жүре алатын жауапкершілігі
өте ауыр міндеттің әйел затына жүктелуі олардың нәзік
жаратылысына кереағар емес пе? Әрі мұндай қоғамға
ақиқатты уағыздау әйел заты үшін жан төзгісіз азап
қой?!
Хақ тағала ешбір пендесіне шамасы жетпейтін
міндет жүктемеген. Оның ішінде, әйел затына мұндай
ауыр жауапкершілікті артпаған.
83
Қуртуби, әл-Жамиу ли-аһкамил-Қуран, Бейрут. 1988. 4/83-
84, 88.