Previous Page  36 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 120 Next Page
Page Background

36

Пайғамбарларға иман

«Расында, бұрын Адамға да уахимен әмір берген

едік (бір ағашқа жақындауына тыйым салған едік).

Алайда ол ұмытты. Сол сәтте оны айтарлықтай та-

банды көре алмадық»

73

,

дейді.

Ұмыту – пенделіктің белгісі. Аллаһ тағала

«ұмытты» дегеннен соң Адам (ғ.с.) туралы жаман

ойлауымызға жол бермей, артынша оның тәубеге кел-

гендігі айтылады.

Аятта Адам (ғ.с.) мен Хауа анамызға кейбір жеміс-

ке жақындауға тиым салынғандығы айтылуда. Алайда

осы әмір берілген соң нақты қанша уақыт өткені бір

Аллаһқа ған аян. Негізінен Адам (ғ.с.) осы бұйрықты

алған соң, арада көп уақыт өтіп, бұл ағаттық жеміске

қол созу тыйымы ұмытылған соң орын алған.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисін-

де: «

Мына үш нәрсеге қалам жазылмайды: ұмыту,

қателік және зорлықпен істелген іс

»,

74

– деген. Яғни,

адам ұмытып кетіп, қандай да бір қателікке бой ал-

дырса, оның сөкеттігі жоқ. Ендеше, Адамды (ғ.с.)

күнә жасады деп жазғыру дұрыс емес.

Пайғамбарлар күнә атаулыдан қорғалған. Олардың

көңіл аударуға тұрмайтын жаңсақ әрекеттері біз

ойлағандай күнә болып табылмайды.

Адам баласына жол көрсету міндеті жүктелген

пайғамбарлар өздеріне артылған сенімді ақтамайтын

күнә және жаңылыс әрекеттерден аулақ. Олар өзгелерді

күнәдан құтқару үшін келген. Олар ұдайы Аллаһтың

73

«Таһа», 20/115

74

Мунауи, Фәйзул-Қадир, Бейрут. 1972. 4/34