Previous Page  33 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 120 Next Page
Page Background

33

Пайғамбарларға иман

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені – көкейіне

салынған уахи ғана»,

64

деп баяндалады. Егер де ама-

нат сипаты пайғамбарларларға берілмегенде адамдар

уахиға сенуден қалып, олардың қадірін білмес еді.

Ф

әтәнат – пайғамбарлық парасаты

Фәтәнат – пайғамбарлардың ерекше зерек, па-

расатты болуы. Расында да, бұл ерекшелік бүкіл

пайғамбардың бойынан табылды. Пайғамбарлардың

өмірі осыны көрсетеді. Өйткені, Хақ тағала елшілерін

ерекше пайымды еткен. Аллаһтың бүкіл елшілері Хақ

тағаланың ақиқатын түсіндіру барысында өздеріне

берілген асқан парасаттылығымен өзге адамдардан ере-

кшеленген. Егер пайғамбарлар асқан зерек болмағанда,

ғұмырында көз аштырмаған көптеген қиындықтарға

төзуі қиынға соғар еді.

Мәселен, Құрандағы Нұх пайғамбардың өз

қауымына,

65

Ибраһимнің (ғ.с.) Нәмрутпен өз қауымына

ұтқыр жауап қайтарып, ұшқыр шешім қабылдауы

олардың табан астында тапқырлық танытатын зерек-

тігін көрсетеді.

66

Сонымен қатар, Хақ тағала әр дәуір пайғамбар-

ларына өзі өмір сүріп жатқан қоғам мен оның

қажеттілігіне қарай білім бергенін, сол арқылы олардың

дер кезінде, тура шешім қабылдағанын көреміз. Бірде

Сүлеймен пайғамбарға екі адам келеді. Оның біреуі

қасындағы адамның бір отар қойы өзінің егістігіне түсіп

кеткендігін айтып, шағымданады. Шағымданушының

сөзіне мұқият ден қойған Сүлеймен (ғ.с.): «Егіс дала-

64

«Нәжім», 53/3-4

65

«Худ», 11/32-33

66

«Бақара», 2/258; «Әнбия», 21/51-67