26
Пайғамбарларға иман
«(Ей, қайта тірілуге сенбейтіндер! Ойланып ақыл
ға салыңдар!) Сендерді қайтадан жарату қиын ба?
Жоқ әлде аспанды ма? (көз салып, қараңдаршы) Аллаһ
аспан әлемін қалай мықты етіп жаратты»
44
А
қыретте ешкім сылтау айтпауы үшін
Хақ тағала ақыретте адамдарға хақ діннің келгеніне
байланысты «біз бұл туралы естіген емеспіз» деген сын-
ды сылтау қалдырмау үшін пайғамбар жіберіп, әу бас-
тан мәселенің алдын алған. Мәселен, адамдар ақыретте:
«бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды көрсеткеніңде,
адаспайтын едік» деп сылтау айтуы мүмкін еді. Ал енді
Хақ тағала оларға ақ пен қараның ара-жігін ажырата-
тын пайғамбарлар жіберген соң ешкім олай айта алма-
сы анық.
Құран кәрімде:
«Біз пайғамбарларды қуандырып сүйіншілеуші
және (о дүниенің) қорқытып ескертуші етіп жібердік.
Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы
болмауы үшін. Аллаһ тағала аса үстем және хикмет
иесі»,
45
– делінген.
Сонымен қатар Қиямет қайымда Аллаһ тағала
пайғамбарларды мойындамай, олардың міндетін жоққа
шығарған қауымға:
44
Назиғат, 27
45
«Ниса», 4/165