Previous Page  24 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 120 Next Page
Page Background

24

Пайғамбарларға иман

рып, әр тауға апарып тастауын, содан соң оларды өзіне

шақыруын тапсырды. Ибраһим (а.с.) айтылған әмірді

орындағанда, Ұлы Жаратушының құдіретіне таңғалды.

Әлгінде ғана өз қолымен сойған құстар тіріліп, еттері

құралып, жанына ұшып келіп еді. Қайта тірілтудің

Алла тағала үшін еш қиын еместігін өз көзімен көрді.

Жүрегі жай тапты.

Мұхаммед пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дәуіріндегі мына оқиға да айтпақ ойымызды растайды.

Бір күні Убай ибн Халаф Аллаһ елшісінің жанына

келіп, қолындағы шіріп кеткен бір сүйекті ұстап тұрып

келеке еткен сыңаймен былай деді:

– Сен сонда мына атам заманда шіріп кеткен

сүйекті Аллаһ тірілтеді дейсің бе?

Аллаһ расулы:

– Әрине, оған жан бітіріп тірілтеді әрі сені тозағы­

на салады, – деп жауап берді.

Осы оқиғаға байланысты «Ясин» сүресінің төмен­

дегі аяттары түсті:

«Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқа­

нымызды көрмей ме? Сөйте тұра ол бізге ашық дұш­

пан болды. (бір тамшы судан) Қалай жаратылғанын

ұмытып, бізге былай деп мысал келтірді: «Шіріген

сүйектерді кім тірілтеді?». Оларға: «Оларды әу бас­

та кім жаратса, қайтадан тірілтетін де Сол және де

Ол барлық жаратуды біледі де»

.