19
Пайғамбарларға иман
Демек, аталмыш аяттардан пайғамбарлардың
міндеттері мен жіберілуіндегі негізгі мақсаттарының
бірі иман келтіріп, Хаққа құлшылыққа шақыру екенін
көреміз.
Б
ұл мақсаттардың қатарына мыналарды
жатқызуға болады:
Д
інді жеткізу
Пайғамбарлардың жіберілу мақсаттарының бірі
– дінді жеткізу, яғни адам баласының екі дүниеде де
бақытты болуы үшін Аллаһтан келген әмірлер мен
тыйымдарды, жалпы шариғат заңдарын адамдарға
қалтқысыз өзгертпей дәл жеткізу. Егер пайғамбарлар
келмегенде, Ұлы Жаратушымызды толық, кемел
сипаттарымен қапысыз тану мүмкін болмас еді. Онда
адам баласы құлшылығын қалай іске асырмақ? Намаз,
ораза, зекет, қажылық туралы әмірлер мен ішімдік,
құмар, зина, пайыз сияқты тыйымдардың үкімі не
екенін қайдан білмек? Осындай сансыз сұрақтардың
жауабын пайғамбарлар түсіндірді. Әмірлер мен
тыйымдар және өзге хабарлар пайғамбарлар арқылы
жеткізіледі. Өйткені олар адамдарға жөн сілтеп, өздері
үлгі көрсетіп үйреткенде ғана бұл іс шешімін таппақ.
Құранда бұл жайлы:
«Олардың (пайғамбарлардың) өзіндік ерекшелігі
сол – Аллаһтың бұйрықтарын жеткізіп, (айтып-
жеткізіп) Одан қорқады. Аллаһтан өзге ешкімнен де
қорықпайды»,
30
– дейді.
30
«Ахзаб», 33/39