17
Пайғамбарларға иман
тадан жол табуды қалайды. Міне, олар анық кәпірлер.
Кәпірлер үшін күйзелтуші азап дайындадық»,
25
– деп
пайғамбарлардың біріне сеніп, біріне сенбегендердің
күпірлікке түсетінін айтады.
П
айғамбарлардың жіберілу мақсаты
Әр нәрсенің өзіндік мақсаты болғаны сияқты
Аллаһ тағаланың адамзатқа пайғамбар жіберуінің де
өзіндік себебі мен хикметі бар. Бұлардың ең бастылары
мыналар:
А
ллаһқа иман етуге шақыру
Пайғамбар жіберілудегі басты мақсат – Аллаһқа,
Оның жалғыз екеніне иман етуге шақыру. Асылында,
адам баласының жаратылуының негізгі мақсаты – Жа-
ратушыны танып, Соған құлшылық ету. Бұл туралы
Құран кәрімде:
«Мен жындар мен адам баласын тек Өзіме
құлшылық етсін деп жараттым»,
26
– дейді. Демек,
пайғамбар жіберілуінің басты мақсаттарының бірі –
аяттағы құлшылықты қалайша іске асыру керектігін
үйрету және түсіндіру. Құрандағы:
«(Мұхаммед) сенен бұрынғы барлық пайғам-
барларды: «Күдіксіз, Менен басқа құдай жоқ. Маған
ғана құлшылық қылыңдар» деген уахимен ғана
25
«Ниса», 4/150-151
26
«Зарият», 51/56