22
Пайғамбарларға иман
«Шүбәсіз Нұх та Раббысына шүкір етушілерден
еді»,
– деп мадақтап үлгі етеді. Тәпсірші Байдауи бұл
аятты «Ей, адам баласы! Аллаһтан өзгеге табынбаңдар.
Құлшылық етуді аталарың Нұхтан үйреніңдер.
Өйткені ол Аллаһқа көп шүкір етушілерден»,
36
– деп
тәпсірлеген.
Ал тәпсірші Тәбарани: «Нұх пайғамбардың
тамақтанған сайын, киімін кигенде және бүкіл іс-
әрекетінде үнемі Аллаһқа шүкір еткенін және Құранда
шүкір етуші құл деп мақталғанын хадистерден байқауға
болады»,
37
– дейді.
Пайғамбарлар адамзатқа үлгі болуда өмірдің бар
қыр-сырын жете меңгерген. Мәселен, екі әлем Сардары
бүкіл адамзатқа мейірімділік пен рақым алып келген
хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бар ғұмыры,
мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы тек пайғамбарда ғана
кездесетін ерекшеліктерден тұрды. Пайғамбарымыз
адамзатқа үгіт-насихатты сөз жүзінде айтып қана
қоймай, оны өз өмірімен өрнектеп көрсетті. Оның
нұрлы өмірі осыған куә.
Осы сияқты өзге пайғамбарлардың да өмірі біз
үшін тұнып тұрған ғибрат. Олар адамдарға дін мен
көркем мінездің ақиқаттарын түсіндірді. Ең бастысы,
пайғамбарлар ізгі істерінің қайтарымын еш уақытта
күтпеген. Құран кәрімде:
«...Олардың барлығы игі жақсылардан»,
38
–деп
пайғамбарлардың барлығы бірдей ардақты екендігі
36
Бәйдауи, Тафсирул Бәудауи, Бейрут, 1996, ІІІ/432
37
Табәрани Әбул Қасым, әл-Мужәмул-кәбир, Мусул, 1983, VІ/32
38
«Әнғам», 6/85