Previous Page  23 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 120 Next Page
Page Background

23

Пайғамбарларға иман

баяндалады. Ендеше, пайғамбарлардың өмірбаяны

мен жасаған әрбір іс-қимылынан өмірлік сабақ алу

адамзаттың асыл борышы.

Д

үние мен ақыреттің екі тізгін, бір

шылбырын тең ұстау

Пайғамбарлардың тағы бір міндеті – дүние мен

ақырет тепе-теңдігін орнату. Мұны адамдарға өлгеннен

кейін өмір бар екендігін білдіру және осыған орай

ақыретке қапысыз қамданудың жолдарын үйрету

арқылы жүзеге асырды. Бұл жайлы Құран Кәрімде:

«Бұ дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Күдіксіз,

ақырет жұрты нағыз тіршілік. Егер олар білсе»,

39

делінеді.

Ақырет өміріне қатысты ақиқатты адам бала-

сы пайғамбарлар көмегімен ғана түсіне алады. Яғни,

пайғамбарлардың жеткізген ақиқат діні арқылы адам-

зат тура жолды таппақ.

Мәселен, мына оқиға осыған дәлел.

Бірде Ибраһим пайғамбар теңіз жағасында

құстар да, толқынмен келген балықтар да шоқып жеп

кетіп жатқан бір өлексені көрді. Қызықтап тұрып, әр

тістегеннің аузында жырымдалып кетіп жатқан бұл

өлексені Алла тағаланың ақыретте қалай бүтін күйде

тірілтетінін ойлады. Сөйтті де: «Я, Раббым, ақыретте

өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші?», – деп

дұға жасады. Аллаһ тағала тіл қатып, төрт құсты қолға

үйреткеннен кейін төртеуін де сойып, еттерін араласты-

39

«Әнкабут», 29/64