Previous Page  20 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 120 Next Page
Page Background

20

Пайғамбарларға иман

Құрандағы:

«Уа, пайғамбар! Раббыңның түсіргенін адамдарға

жеткіз (тәблиғ ет)...»,

31

– деген аят осыны ұқтырады.

Пайғамбарлардың аяттарды саф күйінде әрі шынайы

көңілімен жеткізгеніне біздің зәредей күмәніміз жоқ.

Қасиетті кітабымызда:

«Ешбір пайғамбар Аллаһтың рұқсатынсыз бір аят

келтіре алмайды. Әр істің өз жазуы бар»,

32

деп осы

ақиқат тайға таңба басқандай айтылғанын көреміз.

Демек, пайғамбарлар Аллаһтың бүкіл әмірлерін

қалтқысыз көңілмен қаз-қалпында жеткізгені анық.

Мұны басқаша ойлаудың өзі қате.

Б

асқаларға үлгі-өнеге болу

Құран тілімен айтқанда олардың бойында

«усуәтул-хасана», яғни көркем үлгі-өнеге бар. Дінді

жеткізіп түсіндіру Аллаһтың таңдаулы құлдарының

басты мақсаты болғандықтан, олар адамдарға айтқанын

алдымен өздері орындап, өзгелерге мінсіз үлгі-өнеге

бола білген. Олар Хақ тағала мен адамдар арасындағы

қарым-қатынастың қалай болу керектігін өнегелі

өмірлерімен өзгелерге үйретті.

Пайғамбарлардың періште немесе басқа болмыс-

тан емес, адамдардың өз арасынан таңдалу сыры да

осында. Періштелерде ішіп-жеу, құмар тарқату, үйлену

секілді адамдарға тән сипаттар болмайды. Олардың

31

«Маида», 5/67

32

«Рағыд», 13/38