Previous Page  16 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 120 Next Page
Page Background

16

Пайғамбарларға иман

етті). Барлығы Аллаһқа, періштелеріне, кітаптары-

на, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етті.

Елшілердің араларын бөліп-жармаймыз, естідік те

бойұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз,

қайтып барар жеріміз де Сенің құзырың – дейді».

23

Соныменқатарпайғамбарларғашынайыықыласпен

сенген адам олардың бойындағы туралық, әділдік секіл-

ді ізгі қасиеттерін бойға сіңіретін болады.

Ал пайғамбарларға иланбау – Аллаһ тағаланы және

жер бетіне жіберген барлық қасиетті кітаптарын жоққа

шығару деген сөз. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі

ақиқаты осы пайғамбарлар арқылы жеткен.

Бұл мәселеге байланысты Құран кәрімде:

«...Кімде-кім Аллаһқа және Оның періштелеріне,

кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне

иман етпесе, өте қатты адасады...»,

24

делінген.

Басқа бір аятта:

«Күмәнсіз, сондай-ақ, Аллаһқа, пайғамбарларына

қарсы келгендер, олар Аллаһ пен пайғамбарының ара-

сын айырудықалайды. (Пайғамбарлардың) кейбіріне се-

неміз де, кейбіріне сенбейміз дейді. Сөйтіп, олар екі ор-

23

«Бақара», 2/285, 136, 253

24

«Ниса», 4/136