11
Пайғамбарларға иман
көкейінде иманы жоқ адамдардың көбі көзбояушы
«көріпкелдерге» тәуелді болатындығы ащы да болса
шындық. Сонымен қатар, іштей жегідей жеп мазалаған
сауалдарға жауап таба алмай сабылып жүрген жандар
да аз емес. Бұл адам баласының бүкіл қажеттіліктерін
өзі көтере алмайтындығын көрсетсе керек. Озық тех-
нология мен медицинаның шарықтап дамыған зама-
нында адамдардың өз өміріне өзі қол сұғуы күн санап
көбейіп барады. Бұл да пенделік жүйелердің ашынып,
аласұрған адам баласының жан-жүрегіндегі жарақатты
емдеуге қауқарсыз екендігін көрсетеді.
Жаратушы Хақ тағала адамзаттың осы қажет-
тіліктерін о бастан біліп, оларға медет болсын деп, әрі
нағыз ақиқатқа көздерін ашсын деп пайғамбарлар жі-
берген.
Осылайша Ұлы Жаратушымыздың пенделерін
тура жолға шақырып, жөн сілтейтін шамшырақ
пайғамбарлары бірінен соң бірі керуендей тізіліп келіп
отырды. Бұл жайлы Құранда:
«Әр үмбеттің бір пайғамбары бар»
15
,
«Расында, әр үмбетке: «Аллаһқа құлшылық
етіңдер, азғындардан аулақ болыңдар» дейтін елші
жібердік»
16
,
15
«Жүніс», 10/47
16
«Нахыл», 16/36