Previous Page  13 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 120 Next Page
Page Background

13

Пайғамбарларға иман

«Бұл үшін сендерден ақы сұрамаймын. Ақымды

әлемдердің Раббысының өзі береді»

18

,

«Ей, адам баласы! Мен барлығыңа бірдей жі-

берілген Аллаһтың елшісімін. Ол сондай Аллаһ, жер

мен көктің иелігі Соған тән. Одан басқа тәңір жоқ.

Ол тірілтеді және өлтіреді. Аллаһқа және Аллаһтың

сөздеріне (жіберілген бүкіл кітаптар мен үкімдерге)

сенген, оқу-жазуды білмейтін пайғамбарға иман

келтіріңдер және оған еріңдер, сонда әрине тура жол

табасыңдар де»,

19

– дегені баяндалады.

Сол секілді Мұхаммед пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

да бүкіл құлшылықтардың жөн-жосығын,

тәртібін үйретіп кеткен-ді. Бір хадисінде:

«Менің

қалай намаз оқығанымды көрсеңдер, солай намаз

оқыңдар

»,

20

– деп баян еткен. Бұған қоса, «

Сендерге екі

нәрсе қалдырып барамын. Оларды тістей қатып нық

ұстансаңдар жолдан адаспайсыңдар: Аллаһтың кіта-

бы және менің сүннетім

»,

21

– деген.

Пайғамбарларға деген қажеттіліктің себептерін

былайша түйіндеуге болады:

Адам баласы айналадағы жаратылыстарға қарап

тұрып өз ақылымен Аллаһ тағаланы таба алғанымен,

18

«Шұғара», 26/109

19

«Ағраф», 7/158

20

Бухари, Азан, 18; Әбу Дәуд, Салат, 46

21

Муатта, Қадар, 3