14
Пайғамбарларға иман
өзінің жаратылуындағы түпкі мақсат пен хикмет-
ті түйсініп, жаратушысына қалайша шүкіршілік
(құлшылық) жасау керектігін өз бетінше ұға алмайды.
Міне, осыдан адамдарға жөн сілтеуші пай-
ғамбарларға деген қажеттілік туындайды. Сондықтан
пайғамбарлардың келуі адам үшін аса маңызды әрі
қажет. Тіпті пайғамбарға деген қажеттілік адамның
өз болмысынан туындайды. Ұлы Жаратушы адам-
ды ең кемел және көркем бейнеде жаратып, сан-
сыз нығметтерге бөлеген. Өкініштісі сол, осыншама
нығметтерге қарамастан, адам тек жақсылыққа ғана
емес, пендешілікпен жамандыққа да бой алдырып жата-
ды. Егер адамдардың қолында белгілі бір заңдылықтар
мен тыйымдар жиынтығы болмаса, өздігінен жақсылық
пен жамандықтың ара жігін нақты ажыратып, дұрыс
шешім қабылдай алмайды. Біреуінің дұрыс дегенін
екіншісі қате деп келісе алмай, ырду-дырдуға түседі.
Әлемдегі мың құбылып бірінен кейін бірі күйреп
жатқан жүйелердің болуы жалпы әлемдік бір бағытты
қажет етеді.
Олай болса, шынайы бақытқа қол жеткізгісі кел-
ген адам күллі ғаламды жаратқан, шексіз даналық иесі
Аллаһ тағаланың жіберген пайғамбарларына бойсұнуы
керек.
Жаппар иеміз адам баласын әуел баста жаратқанда-
ақ оның неге мұқтаж екенін жақсы білгендіктен, өмір
сүруін жеңілдету мақсатында үнемі қауымдар арасын-
да елшілер жіберіп отырған. Тарих беттерін қанша
парақтасақ та, жер беті ешқашан елшісіз қалған емес.
Адам баласы күнделікті тұрмыста кездесетін іс-
терді де елшінің көмегінсіз шеше алмайды. Бір тыл-
сым күштің бар екенін сезгенмен, жаратылыстың мән-