12
Пайғамбарларға иман
«Әрине, сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер
жібердік»,
17
–деп баяндалады.
Еңбекке құштар құмырсқаға, гүлдердің шырынын
жинаушы бал арасына, теңіз түбін шарлаған балықтар
мен көкті мекендеген құстарға міндеттерін үйретіп
жол көрсеткен Ұлы Құдірет Иесі күллі болмыстан
ардақты етіп жаратқан адам баласын қалайша ұмыт
қалдырсын?! Күллі жаратылысты жаратып, олардың
бүкіл қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз еткен
Хақ тағала, құмырсқаны да, бал арасын да көсемсіз
қалдырмағаны секілді, адам баласын да жақсы мен
жаманның парқын үйрететін пайғамбарсыз етпеген.
Әрбір пайғамбар өзінің саналы ғұмырын адамдық
қасиеттерді кемелдендіріп, одан әрі шыңдап, жара-
тылыс мақсаттарын түсіндіруге арнағанын тарихтан
білеміз.
Бұған қоса, пайғамбарлар – адам баласына тәртіп
пен әділеттілікті, қайталанбас үлгі-өнегені, Аллаһ –
адам – әлем үштігі туралы ұғымдардың мән-мағынасын
үйреткен алғашқы мұғалімдер. Егер Аллаһ тағала
адамзатқа елші жібермегенде, адам баласы ашық күнде
жол таппай сандалар еді.
Ақиқатқа үндеу мақсатында келген пайғамбарлар
тек рухани насихатпен ғана шектелмей, адамдардың
күнделікті өмірлерінде үлгі-өнеге болғандығы белгілі.
Пайғамбарлар иләһи әмірлерді әуелі өздері орын-
дап, сосын өзгелерге жеткізген. Ал жасаған ізгі амал-
дары үшін ешқашан да ақы күткен емес. Құранда
айтылғандай, бүкіл пайғамбарлар өз үмбеттеріне:
17
«Рұм», 30/47