15
Пайғамбарларға иман
мағынасы мен мақсатын пайғамбарсыз жете білу қиын.
Ақырет, харам мен халал, Жаратушыға шүкіршілік
пен құлшылық сияқты амалдардың орындалу тәртібін
көрсетуде де елшілердің атқарар рөлі зор. Осы орай-
да қай пайғамбар болса да, адамзаттың тұла бойына
жақсылықтың дәнін егуге тырысқан.
Міне, осындай жайларды жөнге келтіру үшін
Аллаһтың жіберген кемеңгер пайғамбарларына аса
зәруміз.
П
айғамбарларға сенудің маңыздылығы
Пайғамбарларға сену – иманның негізгі шарт-
тарының бірі. Бұл шындықты Құранның:
«Кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге,
кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе... міне со-
лар шыншылдар, әрі солар тақуалар»,
22
– деген аятта-
рынан көруге болады.
Ұлы Жаратушы Жаппар Ие әрбір мұсылман бала-
сына пайғамбарларды алаламай, бірдей иман етуді па-
рыз еткен. Бұл жайлы Құранда:
««Аллаһ елшісі Раббы тарапынан өзіне
түсірілгендерге иман етті және мүміндер де (иман
22
«Бақара», 2/177