Previous Page  21 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 120 Next Page
Page Background

21

Пайғамбарларға иман

өмір сүру шарттары мүлде бөлек. Періштелердің ішіп-

жемейтіндігі, бас құрап үйленбейтіндігі ислам ілім-

білімінде қашаннан белгілі.

Аллаһ тағаланың қасиетті кәламында Аллаһтың

елшілері жайлы:

«Міне, солар Аллаһтың тура жолға салғандары

(пайғамбарлар). Сен де солардың жолымен жүр!»,

33

делінеді. Ендігі бір аятта Аллаһ тағала:

«Расында, сендерге Аллаһтан және ақырет

күнінен үміт еткендер мен Аллаһты көп зікір еткендер

үшін Аллаһтың елшісінде жақсы үлгілер бар»,

34

– деп

баян етеді.

Шындығында, Жаратқанның пендесі болу адам

баласы үшін айрықша нығмет, үлкен абырой. Құранда

айтылғандай адам баласы Хаққа құлшылық ету үшін

жаратылған. Пайғамбарлар соны үйреткен.

Мәселен, Нұх пайғамбар адамдарды тағам ал-

дында «бисмиллаһ» соңында «әлһамдулиллаһ» деуге

35

Аллаһқа құлшылық пен шүкіршілік етуге насихаттады.

Ал оның өзін Аллаһ тағала «Исра» сүресінің 3-аятын-

да:

33

«Әнғам», 6/90

34

«Ахзаб», 33/21

35

Алуси, Рухул мәани, ХХV/16