10
Пайғамбарларға иман
ақылы көп нәрсе біле бермейді. Демек, көздің көруі,
құлақтың естуі шектеулі болғаны секілді ақыл мен ой-
лау қабілетінің де жете алмас биігі, ала алмас асқары,
шыға алмас шыңы болады. Сондай-ақ жалаң ақыл за-
лым адамды жазалау үшін дұрыс үкім бере алмауы не-
месе залымдардың зұлымдық жасауына кедергі бола
алмауы мүмкін. Сондықтан Аллаһ тағала адам баласы
екі дүние бақытына қол жеткізуі үшін әмбеге ортақ
заңдылықтар бекітіп әмірлер берген. Міне, осынау өмір
сүру заңдылықтарын ашып түсіндіру, адамдарға бас-
көз болып, жол көрсету мақсатында мейірімі шексіз
Жаратқан иеміз адамдардың өз арасынан пайғамбарлар
жіберген.
14
Адам баласы материалдық тұрғыдан қанша-
лықты жоғарғы деңгейге жетіп небір асуларды
бағындырғанымен, рухани құндылықтардан тұтастай
қол үзіп кете алмақ емес. Сондай-ақ қиын-қыстау кез-
дерде адам өзін көбіне-көп жапанда жалғыз қалғандай
сезінеді. Қол ұшын беретін, сүйеніш, демеу болатын дос
іздейді. Басына іс түскенде, адамжақын досымен дидар-
ласып, сырласып іштегі шерін тарқатқанда өзін жеңіл
сезінетіні содан емес пе? Ал қайғы-мұңын бөлісе ала-
тын адал дос таппаған қиын-қыстау кездерде қаншама
адам балшы-балгерлерге барып, қателікке ұрынып жа-
тады. Мұндай жағдайдың қаншамасын құлақ естіп, көз
көріп жүр. Әлгіндей дуакештерге алданған адамдар
көбіне психологиялық дағдарысқа шырмалып жатады.
Бәлкім, пенде өзіне берілген қабілетті жеткілікті
санайтын болар. Сөйтсе де, материалдық мүмкіндік
пен әлеуметтік жағдайы жоғары саналған елдерде
14
Мұхитдин Акгүл, 99 соруда Ефендимиз, Измир, 2008, 13-
14-б.