Previous Page  7 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 120 Next Page
Page Background

7

Пайғамбарларға иман

Пайғамбарлар бүкіл ғұмырын осы «сиратул-

мустақим», яғни, Хақ тағаланың тура жолына арнаған.

Ал бұл жолдың бүкіл расулдар мен елшілерге ортақ

атауы – Ислам. Пайғамбарлар насихаттаған сенім

негіздерінің арасында ине жасуындай да айырмашылық

жоқ. Өйткені олардың барлығы бір ғана сенімге

шақырды. Оны Құрандағы мына аяттардан көруге бо-

лады:

«(Мұхаммед) Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек

оған: «Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда

Маған ғана құлшылық етіңдер» деп қана уахи етіп

жібердік»

7

Нұх (а.с.): «Раббыларыңнан жарылқау, кешірім

тілеңдер. Өйткені Ол өте кешірімшіл»

8

Һұд (а.с.):

«Уа, халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық

қылыңдар. Одан өзге ешбір құдай жоқ. Серік қосып,

Хақ тағалаға жала жабудасыңдар»

9

7

«Әнбия», 21/25

8

«Нұх», 71/10.

9

«Һұд», 11/50.