4
Пайғамбарларға иман
тап, соңғы елші Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі аралықта келген, Құранда есімдері аталған
пайғамбарлар жайлы біршама мәліметтер жинақталған.
Алайда кітап пайғамбарлар туралы жалпы түсінікті
қалыптастыруды ғана мақсат еткендіктен, толық әрі
жан-жақты мағлұмат беру көзделмегенін де айта кет-
кен дұрыс. Сонымен қатар еңбекте уахи, оның түрлері,
мұғжиза, Миғраж мұғзижасы, айдың қақ бөлінуі, кере-
мет, мұғжизаның кереметтен жоғары тұратындығы, жа-
ратылыс заңдылықтарына кереғар кейбір ғажайыптар,
ирхас, мәғунәт, истидраж, иханәт, секілді т.б көптеген
діни ұғымдардың мәні талданады.
Жалпы алғанда, адамзат пайғамбарларға қарап
бағыт түзеп, бағдар алуы тиіс. Өйткені олар – әрбір істе
қайталанбас үлгі, ізгіліктің биік шыңы, адасқанға жол
сілтейтін жарық жұлдыз.
Қолдарыңыздағы кітап асыл дінімізге бет бұрып,
өздерінің негізгі темірқазықтарын жаңа тауып жатқан
мұсылман бауырларымыздың рухани кәдесіне жарап
жатса, нұр үстіне нұр болар еді деген ниеттеміз.
Автордан