Previous Page  6 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 120 Next Page
Page Background

6

Пайғамбарларға иман

Қ

ұрандағы «расул» және «нәби»

ұғымдары

Қасиетті Құран Кәрімде «расул» мен «нәби»

ұғымдарының қолданылуында біршама айырмашылық

бар екендігін байқаймыз. Мәселен,

«...Ол расул әрі нәби еді»

3

;

«Сенен бұрын ешбір расул да, нәби де жі-

берген жоқпыз...»,

4

– деген аяттарда «расул» мен

«нәби»сөздерінің жеке-жеке айтылуы олардың бір

мағына бермейтіндігін түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

да: «

Хабаршылық пен елшілік менен кейін

тоқтайды. Енді нәби де, расул да келмейді

»,

5

– деген

болатын. Бұл да біз қарастырып отырған екі ұғымның

арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді.

Олай болса, әрбір расул нәби болғанымен, әр нәби

расул бола алмайды.

6

Мәселен, Мұса (а.с.) нәби әрі ра-

сул еді. Өйткені оған уахи арқылы кітап (Таурат) келген

әрі ол бір дінді уағыздады. Ал оның бауыры Харун (ғ.с.)

нәби ғана. Оған уахи келгенімен, кітап түсірілмеген. Ол

Мұсаға (ғ.с.) келген шариғат негізінде әрекет еткен. Ал

соңғы пайғамбар Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

нәби әрі

расул. Өйткені оған

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Құран түсірілген

һәм жаңа әрі соңғы дінді уағыздаған.

3

«Мәриям», 19/51

4

«Хаж», 22/52

5

Тирмизи, Сүнән, ІІ/51; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, ІІІ/267

6

Абдулкаһир әл-Бағдади, Усулуд-дин, Бейрут. 1981. 154-б.