Previous Page  3 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 120 Next Page
Page Background

3

К

іріспе

Ұлы Жаратушы иеміз адам баласын ең ке-

мел әрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз

нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің

қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс

атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын

ұғындырсын деп әр қауымға өз елшілерін жіберіп

отырған. Осы орайда пайғамбарлар – адамзатқа әр

нәрсенің өзіндік мән-мағынасы мен міндеті бар екенін,

бекерге жаратылмағанын аңғартатын тәлімі мол

ұстаздар. Бізді қоршап тұрған жаратылыстарды танып-

біліп, Ұлы құдіретке бас июге шақырушы ардақты асыл

тұлғалар да осы пайғамбарлар. Ендеше, он сегіз мың

ғаламға үздіксіз пайғамбарлар жіберіліп тұрғандығын

Ұлы Жаратушының өз құлдарына ұсынған сыйы мен

шексіз мейірімінің көрінісі деп түсінген жөн.

Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман

негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың

адамзатқа арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендігі-

не әрі жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену

деген сөз. Сондықтан әрбір мұсылман баласының

пайғамбарлар туралы біршама түсінігі болғаны жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, оқырманға жол тартып отырған

«Пайғамбарларға иман» кітабының берері көп. Кі-

тап «пайғамбар» сөзінің шығу төркінін, «расул» мен

«нәби» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіп,

пайғамбарларға тән турашылдық, сенімділік, ерек-

ше зеректік, күнә атаулыдан пәктік (исмәт) секілді

аңтаңгер қасиеттерді жеке-жеке түсіндіреді. Бұған

қоса кітапта алғашқы пайғамбар Адамнан (ғ.с.) бас-