Previous Page  60 / 120 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 120 Next Page
Page Background

60

Пайғамбарларға иман

Ж

үсіп (ғ.с.)

Жүсіп (ғ.с) – хазірет Жақыптың ұлы. Жүсіптің

(ғ.с) он бір бауыры бар болатын. Әкесі Жақып (ғ.с)

Жүсіпті басқа балаларына қарағанда алабөтен жақсы

көретін. Мұны бауырлары көре алмай, іштен тынатын.

Күндердің бірінде Жүсіп (ғ.с) түсінде он бір жұлдыз,

күн мен айдың өзіне бас игенін көреді. Түсін әкесіне

айтады. Әкесі Жүсіптің өзгелерден дәрежесі биік бо-

латынын түсініп, көрген түсін бауырларына айтпауын

ескертеді. Өкінішке қарай, Жүсіптің көрген түсінен ха-

бардар болған бауырлары оның көзін жоюдың жолда-

рын қарастырды. Бауырлары жабылып жүріп Жүсіпті

құдықтың біріне тастайды да әкесіне «Жүсіпті қасқыр

жеп кетті» дейді. Құдықтың басына аялдаған керуен

адамдары Жүсіпті ажал аузынан құтқарып қалғанымен,

ақшаға құныққан саудагерлер оныМысырдың қаржысы

мен қазынасының құлағын ұстаған әлдебір шонжарға

сатып жібереді. Жүсіптің көрер күні мұнымен де бітпей-

ді. Қаржыгердің әйелі Жүсіпке жала жауып, зынданға

тастатқызады. Жылдар бойы зынданда жатқан Жүсіп

(ғ.с.) патшаның түсін жору арқылы оның сеніміне

кіреді. Патша оны қаржы басшысы етіп тағайындайды.

Келе-келе Жүсіп өзінің парасаттылығымен үлкен бе-

делге ие болады.

Елді қуаңшылық жайлаған ауыр кезеңде әбден

қиналған бауырлары мұқтаж боп алдына келеді. Жүсіп

оларға көмектесіп, ақырында бауырлары одан кешірім

сұрайды. Жүсіп (ғ.с.) олардың қателігін кешіреді. Әке-

шешесін Мысырға алдыртады. Міне, осы кезден бастап

Исрайыл ұлдары Палестинадан Мысырға қоныс ауда-

рып, осы жерде тұрақтап қалады. Жүсіп (ғ.с.) Аллаһ